• Басты бет
  • /
  • "Білім берудегі психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру ресурсы ретінде мектеп директорларының басқарушылық әлеуетін дамыту" республикалық конференциясы
"Білім берудегі психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру ресурсы ретінде мектеп директорларының басқарушылық әлеуетін дамыту" республикалық конференциясы

Бүгін біздің мектеп «ДАMU» әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Білім берудегі психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру ресурсы ретінде мектеп директорларының басқарушылық әлеуетін дамыту» атты Республикалық конференцияға қатысып, «Алғашқы қадамдар бірге: мектептегі жас педагогтерді қолдау» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында мектебімізде жас мұғалімдерді қолдау мен тәлімгерлік жүйесін құру тәжірибесімен бөлістік. Жас педагогтерге жылы кәсіби бастау олардың әлеуетін ашып, мамандық жолында сенімді жүруіне көмектесетініне сенемін.
«ДАMU» әдістемелік орталығына көрсетілген сенім мен мектебімізді «EDLAB» — Білім беру зертханасы атты Республикалық шығармашылық топтың құрамына қосқаны үшін ерекше алғысымды білдіремін. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және білім беру саласындағы инновациялық тәсілдерді әзірлеу мен енгізуге белсене қатысуға мүмкіндік.
Мұндай кездесулер шабыттандырады, кәсіби қауымдастықты біріктіреді және жаңа идеяларға серпін береді!